anyq.kz
rss2
Anyq.kz — Ақпараттық агенттігі
anyq.kz · Russian (Russia)
Ақпараттық агенттігі
rss2 wordpress content atom dc sy
- Last post
- Sep 29, 2026
- Posts in 24 h · 7 days · 30 days
- 0 · 3 · 10
- Our last check
- Answering
- Served from
- Kazakhstan
- Text score at discovery
- 3,743
- Format
- rss2
- Features in the feed
- content, atom, dc, sy
- Community
- wordpress
Posts
What our queue read from this feed. Open one to read it here, or go to the site that published it.
- Отырар ауданында ардагерлер мен қараусыз қалған қарияларға әлеуметтік қолдау көрсетілді
Sep 29, 2026 · original
Қарттар күніне орай Отырар ауданында әлеуметтік қамқорлық пен қайырымдылықты ту еткен «Қарияға қамқорлық – ұлтқа құрмет» атты ауқымды акция өтті. Игі бастаманың басты мақсаты – ел дамуына үлес қосқан ардагерлер мен жалғызілікті қарияларға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ жастар арасында еңбексүйгіштік пен үлкенге құрмет мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында ауданның белсенді жастары мен еріктілері жалғызбасты қарттардың шаңырақтарына арнайы барып, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетті. Жастар қариялардың ауласы мен үй маңын тазалап, шаруашылық істеріне қолғабыс етті. Өз кезегінде қариялар жастардың бұл ықыласына риясыз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. – Қариялар мен ардагерлерді әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мен оларды еңбекке баулу арқылы жастардың бойында жанашырлық пен жауапкершілік қалыптасады, – дейді ұй - Кентауда креативті контент пен өнер тоғысқан кеш өтті
Sep 29, 2026 · original
Кентау қаласында цифрлық технологиялар мен заманауи медиа бағыттарын қамтыған «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы аясында мәдени-креативті іс-шаралар ұйымдастырылды. Басқосу барысында заманауи контент өндірісі мен шығармашылық бағыттардың дамуына қатысты бастамалар назарға алынды. Форумның жалғасы Ынтымақ алаңында өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени бағдарлама ұсынылды. Іс-шара барысында заманауи медианың мүмкіндіктері, жаңа форматтағы контент әзірлеу және шығармашылық бағыттарды дамыту мәселелері қозғалды. Шараның маңызды бөлігінің бірі – мобилографтар арасында өткен байқау. Байқау қорытындысында үздік деп танылған қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Бұл жас шығармашылық өкілдерінің заманауи цифрлық құралдарды пайдаланып, жаңа форматтағы контент жасауына мүмкіндік беретін креативті бағыттардың бірі ретінде ерекшеленді. – Бүгін Кентау үшін ерекш - Кентауда жаңа медиа мен креативті контент өндіру мүмкіндіктері таныстырылды
Sep 29, 2026 · original
Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи медиа бағыттарын қамтыған «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық ақпараттық-цифрландыру форумы өтті. Басқосуда жаңа медиа технологияларын дамыту, мобильді контент өндірісін жетілдіру және цифрлық коммуникацияның заманауи мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Форумға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Медеуов пен Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Байдәулет Абай қатысып, заманауи технологиялардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Іс-шара барысында цифрлық технологиялар мен заманауи медиа саласының мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға жаңа форматтағы контент әзірлеудің тиімді тәсілдерін таныстырды. Соның ішінде Нұржан Исабеков «Жаңа медиа дәуірі: Reels, TikTok, дрон және жасанды и - Отырар ауданы: Шалғай ауылдардағы қарияларға сапалы медициналық-әлеуметтік қолдау көрсетілді
Sep 28, 2026 · original
Қарттар күніне орай бастау алған «Бір дәуірдің мөлдіреген жастары едік» апталығы аясында Отырар ауданында аға буын өкілдеріне әлеуметтік қолдау көрсету және олардың денсаулығын нығайтуға арналған «Денсаулық керуені» акциясы ұйымдастырылды. Апталықтың алғашқы күндері білікті медицина мамандарынан құралған арнайы топ аудан орталығынан шалғай орналасқан Аққұм ауылдық округіне барып, ауыл қарияларына медициналық тексеру жүргізді. Кезекті акция қазыналы қарттардың сүйікті демалыс орнына айналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығында жалғасын тапты. Шара барысында дәрігерлер қариялардың қан қысымын, қандағы қант мөлшерін тексеріп, жалпы денсаулық жағдайына бақылау жасады. Сонымен қатар әрбір азаматқа жеке жеңілдіктер мен профилактикалық емдеу жолдары бойынша медициналық-консультативтік кеңестер берілді. – «Денсаулық керуенінің» басты мақсаты – шалғай елді мекендердегі және әлеуметтік орталықтардағы - Отырар ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен күнделікті тұрмыс мәселелері пысықталды
Sep 28, 2026 · original
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы мен бірқатар өзекті міндеттерді талқылады. Мәжілісте ауданның даму индикаторларының орындалу барысы туралы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасап, негізгі көрсеткіштердің қазіргі ахуалы мен алдағы межелерді саралады. Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жұмыстарға тоқталды. Олардың қатарында: «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы мен елді мекендердің санитарлық тазалығы; Тұрғын үй кезегін түгендеу және әлеуметтік инфрақұрылым; Жылыту маусымына дайындық пен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету; Ауыз су берешектерін өндіру - Отырар ауданы: Аққұмда кәсіпкер демеушілігімен жаңа саябақ ашылды
Sep 28, 2026 · original
Отырар ауданына қарасты Аққұм ауылында жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен салынған заманауи жаңа саябақ пайдалануға берілді. Туған өлкедегі еңбексүйгіштік пен елді мекенді абаттандыруды ту еткен игі шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, ауыл ақсақалдары, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы ауылдың көркеюіне айрықша үлес қосқан демеуші Нұржан Нұрілдаұлына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ туған жерге жанашырлық танытқан кәсіпкер мен оның зайыбы Бақытжамал Шарапханқызына дәстүрге сай зерлі шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Шарада Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ашықбай Дүйсен, ауыл имамы Құттыбек Балқыбек және ауыл тұрғыны Тәңірберген Асанғали акцияның әлеуметтік маңызына тоқталып, ақ баталарын берді. Мұнан соң ауыл биі Құтышбек Есен - Кентауда «Асар» дәстүрі жаңғыртылды
Sep 26, 2026 · original
Кентау қаласында халқымыздың дәстүрлі «Асар» құндылығын жаңғыртуға бағытталған «Асарлат» акциясының кезекті шарасы өтті. Кентау қалалық Руханият орталығы ұйымдастырған бастама тұрғындарды бірлікке, өзара көмекке және қоғамдық жауапкершілікке үндеді. Іс-шара барысында Құралбаев көшесіндегі 114, 116, 118 және Әл-Фараби көшесіндегі 102 көпқабатты үйлердің тұрғындары ортақ іске жұмылып, аулаларды абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Қазақ халқының дәстүрінде «Асар» – көпшілік болып бір адамның немесе отбасының белгілі бір ісіне қолдау көрсетуге, ортақ жұмысты жұмыла атқаруға негізделген ізгі дәстүр. Оның өзегінде өзара көмек, ағайындық байланыс, ынтымақ пен жауапкершілік ұғымдары жатыр. «Асарлат» акциясы арқылы осы дәстүрдің тәрбиелік және қоғамдық мәнін қазіргі ортада жаңғырту көзделіп отыр. Бастама тұрғындардың ортақ іске белсенді араласуына ғана емес, ұлттық құндылықтарды күнделікті өмірмен - Кентауда ұлттық тәрбиеге арналған тағылымды кездесу өтті
Sep 26, 2026 · original
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ұлттық құндылықтар мен рухани мұраны дәріптеуге арналған тағылымды кездесу өтті. «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ ұйымдастырған жүздесу Қазақстан Республикасының Мәдениет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызымен «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағының негізі» тақырыбында өрбіді. Кездесудің негізгі мақсаты – ұлттық тәрбиенің қоғамдағы маңызын түсіндіру, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүр мен рухани мұраны дәріптеу және ұлттық болмысты сақтаудың маңызын насихаттау. Тағылымды жүздесуде ана тілінің мәртебесі, қазақ тілін құрметтеу және күнделікті өмірде қолдану, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні, отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық сана мәселелері кеңінен сөз болды. Оразкүл Асанғазықызы өмірлік тәжірибесі мен қоғамдық қызметінде жинақтаған - Отырар ауданы: Азаматтарды жеке қабылдауда жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек мәселелері қаралды
Sep 24, 2026 · original
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар тарапынан негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй кезегі мен жер телімдеріне қатысты өзекті сауалдар көтерілді. Бұл мәселелер аудандағы халықтың тұрмыс сапасын арттыру мен жұмыспен қамту саясатының басты бағыттары болып табылады. Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік қолдау механизмдері мен шешу жолдарын детальды түрде түсіндірді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласына жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. – Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрақты жұмыспен қамту және баспана мәселесін заң шеңберінде реттеу – біздің басты міндетіміз. Келіп түскен әрбір өтініш тиісті сараптамадан өтіп, нақты нәтиже шыққанша бақыл - «Даму» бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы
Sep 22, 2026 · original
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның бес өңірінде — Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығы өз жұмысын бастайды. Орталықтың мақсаты — дағдарыстық жағдайға тап болған шағын және орта бизнес субъектілеріне проблемаларын диагностикалау, өтініштерді тиісті бағыт бойынша жолдау, мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкердің мәселесі реттелгенге дейін сүйемелдеу арқылы қолдау көрсету. Бұған дейін мұндай мәселелерді — салық берешегін реттеу, қаржыландыруға қол жеткізу, мемлекеттік қолдау шараларын алу, өнімді өткізу және басқа да мәселелерді шешу үшін кәсіпкер әрбір мемлекеттік орган мен ұйымға жеке-жеке жүгінуге мәжбүр болатын. Енді кәсіпкерге «Даму» қорының өңірлік филиалының алаңына бір рет жүгіну жеткілікті. Орталық мамандары туындаған м
Discovered by the rss-feed-index crawler, which checks each feed at most once a month.
Same record as JSON: https://api.agentalog.com/api/feeds/fd_anyq_kz_6a0b180c1f71630c. More from this site: anyq.kz in the Feeds tab.